«Қамқоршы күні» мерекесі » К.Тоқаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"К.Тоқаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қамқоршы күні» мерекесі
30
октябрь
2023

«Қамқоршы күні» мерекесі

К. Тоқаев атындағы орта мектепте «Балаларға жылу сыйла» акциясы аясында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдерді қамқорлығына алған азаматтарға арналған «Қамқоршы күні» өткізілді . Айта кетейік, «Қамқоршы күні» мерекесі - Қазақстанның тарихындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдерді қамқорлыққа алған азаматтарға арналған алғашқы қайырымдылық іс-шара. Аталған іс-шараға мектебіміздегі қамқорлықтағы балалардың қамқоршылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдерді тәрбиелеп жатқан азаматтарды қолдау, баланы отбасына алуды қалайтын азаматтардың санын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Мереке қайырымдылық жасауға, айналадағыларға назар аударуға, көмекке даяр болуға, сүйенішті қажет еткендердің бәріне қолдау көрсетуге және бір-біріне қамқор болуға бағытталады. Акция барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, сыйлықтар берілді, қамқоршыларға ерекше құрмет көрсетілді.
Шара қорытындысында әр ата-анаға мектеп директоры Испанова Ляззат Саркытбаевна сый-сияпатпен, алғыс хатпен шын жүректен құттықтап алғыс білдірді.
«Қамқоршы күні» мерекесі

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив