Алғашқы қоңырау салтанаты » К.Тоқаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"К.Тоқаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алғашқы қоңырау салтанаты
01
сентябрь
2023

Алғашқы қоңырау салтанаты

«К.Тоқаев атындағы орта мектеп» КММ-де 1 қыркүйек күні «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли, Жетісу облысы білім басқармасының орынбасары Гулмира Тойганбековна, Қаратал аудандық білім бөлімінің басшысы Теңелбаев Жандос Қасқырбекұлы, «BI Group» басшысы Бексұлтан Меркеевич, К.Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры филиалының төрайымы Спиридонова Валентина Григорьевна қатысып, жиналған қауымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, 1-сынып бүлдіршіндерінің алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі. Жиынның барысында мектеп директоры Л.С.Испанова мектеп ұстаздары және оқушылар мен ата-аналарға 2023-2024 оқу жылына сәттіліктер тіледі. Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының төрайымы Спиридонова Валентина Григорьевна мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жылы лебізін білдіріп, оқу құралдарын табыс етті.
Міне, оқушылардың асыға күткен алғашқы қоңырауы да соғылып, бүлдіршіндеріміз қуаныштары қойындарына сыймай сынып бөлмелеріне қоңырау үнімен бет алды. Салтанатты жиыннан кейін сынып жетекшілер өз білім алушыларымен білім күніне арналған "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбындағы ашық сынып сағаттарын өткізді.
Алғашқы қоңырау салтанаты





Похожие публикации:

01 сентябрь 2022 Мектеп директоры
19 декабрь 2022 Ұстаз жетістігі
14 сентябрь 2022 Ашылу салтанаты
01 сентябрь 2022 Алғашқы қоңырау 2022
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив