Пән апталығы
2023 жылдың 23-27 қаңтар аралығында «К.Тоқаев атындағы орта мектеп» КММ-де «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметін белсендіру – оқытудың маңызды факторы» тақырыбында пән апталығы өтті. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың білімін дамыту, тереңдету, ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденімпаздығын арттыру. Апалық барысында пән мұғалімдері ақпараттық-коммуникациялық құралдардың көмегімен