Ұстаздар жетістігі » К.Тоқаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"К.Тоқаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
октябрь
2022

Ұстаздар жетістігі

Мектеп өмірі-шығармашылық пен жаңалыққа толы. Жаңалық білімде, жаңалық шығармашылықта... Аудан, облыс және республика көлемінде көптеген іс-шаралар өтіп, шығармашыл, өнерге жақын ұстаздарымыздың жігері мен шабыты күннен күнге күш алып, есімдері мектеп атты білім ордасында көптеп саналуда. Шығармашыл да талантты ұстаздарымыздың нәтижелі жетістіктеріне көз жүгіртсек...
«Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Білім беру ұйымдарындағы педагогтер мен психологтар қатарынан тренерлер тобын құру мақсатында «Smart Ustaz» білім беру жобасы шеңберінде білім беру ұйымдарының педагогтері мен педагог-психологтері арасындағы республикалық онлайн байқау ұйымдастырылып, аудан мектептері арасында шығармашыл, креативті ұстаз ретінде өзінің "смарт ұстазға" лайықты қырларымен танылып жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Досбаева 20 жеңімпаз мұғалімнің ішіне кірді.
Сонымен қатар, Жетісу облыстық білім басқармасы, білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы бірінші рет облыстық «Жетісу ұстазы» байқауын ұйымдастырып, байқауға К.Тоқаев атындағы ОМ химия пәні мұғалімі Молдагожаева Кенжегуль Абылхановна қатысып, облыстан 3-жүлделі орынды аудан қоржынына салды. Кенжегуль Абылхановна жаста болса түрлі байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген мықты ұстаздарымыздың бірі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Үздік педагог» сырттай байқауына ауданнан 12 педагог, 1 тәрбиеші қатысып, байқау нәтижесі бойынша мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахметова Нурзия Тургамбековна қатысып, ауданнан 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Облысқа жолдама алған ұстазымызға еңбегіңіз жансын дегіміз келеді.
Ендеше, болашақ ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыруда және алаңсыз білім алуына зор үлес, еңселі еңбек етіп жатқан, сонымен қатар қызметінде көрсеткен ұқыптылығы мен үлкен жауапкершілігі үшін жеңімпаз ұстаздарымызды нәтижелі еңбектерімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық өрлеу тілейміз!

Ұстаздар жетістігі

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив