19
май
2017
Аудандық «Абай оқулары»
Қаратал ауданының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында аудандық “Абай оқулары” өтті.
Аудандық Абай оқуларының мақсаттары мен міндеттері:
-мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау;
-жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;
-оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
“Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” – жас дарындар байқауы
( өз шығармаларын орындау; өлеңдер, әндер, күйлер) номинациясында Кемел Тоқаев атындағы 7 «Ә»сынып оқушысы Ерғалиқызы Балым 2-орынды иеленді.