Наурыз мерекесі » К.Тоқаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"К.Тоқаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2022

Наурыз мерекесі

17 наурыз күні «К.Тоқаев атындағы орта мектеп» КММ-нде мектеп әкімшілігінің қолдауымен Наурыз мерекесі тойланды.
Мектепте ақ шаңқан киіз үй тігіліп, мерекелік дастархан жайылды. Ұлттық тағамдарымыз – қазы-қарта, қымыз бен шұбат, тары-талқан, құрт-ірімшік қойылып, қазақтың қонақжайлылығына сай кең дастарханнан дәм ұсынылды. Мерекеге жиылған мектеп ұжымы наурыз көже ішіп, ыстық бауырсақтан ауыз тиді, мерекелік ізгі тілектерін арнады. Мектеп басшысы Испанова Ляззат Сарқытбаевна жиылған қауымды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап сөз сөйледі, елге есендік, еңбегімізге берекет тіледі.
Жайылған дастарханға бата беріліп, ақ кимешек киген әжелер әсем әндерімен мерекенің көркін келтірді. Мектеп оқушылары ән айтудан, домбыра шертуден, би билеуден қалыс қалмады.
Мерекелік шара өте жоғары денгейде өтіп, Наурыздың ең басты нышаны «Наурыз көже» ішумен жалғасын тапты.

]Наурыз мерекесінен көрініс
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив